Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz – Google HTC қызметкерлерінің бір бөлігін сатып алу туралы мәмілені аяқтады. Екі мың инженер үшін корпорация 1,1 млрд доллар төледі, деп хабарлады telegra.ph.
Google вице-президенті Рик Остерло алдағы жылдардағы үздік және инновациялық өнімдер шығарумен айналысатын жаңа талантты командамен таныстырды.
Қызметкерлердің өзі Тайванда қалғысы келеді. Осылайша, Тайбэй бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Google-дің ең ірі инженерлік хабына айналады.
TheVerge атап өткендей, мәміле Google-ға жаңа Pixel үлгілерін жасау үшін талантты әзірлеушілерді пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта сатылған смартфондардың саны Apple мен Samsung құрылғыларына тіптен жақындай түскен де жоқ. Корпорация бірнеше жылдан кейін смартфондарды үлкен көлемде сата алады деп үміттенеді.
Енді HTC қосымша шынайылыққа, көбіне VR-көзілдіріктеріне назар аударуды көздеп отыр. Сонымен қатар, компания смартфондарды шығаруды да жалғастырады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024