Google компаниясы Looker бизнес-талдаушылар сервисін 2,6 млрд долларға сатып алады
Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - Google компаниясы бизнес үшін үлкен деректерді талдау сервисі – Looker-ді 2,6 млрд долларға сатып алуға келісті . Бұл туралы Reuters хабарлады.
Looker Google бұлтты сервистерін біріктіретін Google Cloud бөлімшесінің құрамына кіреді. Қазір компаниялар бірге денсаулық сақтау, қаржы, БАҚ және басқа салаларда 350-ден астам клиенттерге қызмет көрсетеді.
Тараптар мәмілені 2019 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Looker бас директоры Фрэнк Бьен Google командасына қосылады. Reuters атап өткендей, мәміле — Google компаниясының 2014 жылдан бері жасаған ең ірі келісімі. Сол кезде компания «ақылды» үйге арналған құрылғыларды шығаратын Nest-ті 3,2 млрд долларға сатып алды.
Looker 2012 жылы құрылған және Калифорнияда негізделген. Компания штатында 800-ге жуық адам бар. Looker құрылған сәттен бастап 280,5 млн доллар тартты. 2018 жылы компания 1,6 млрд долларға бағаланған.
Looker әзірлемелері компанияларға түсімді, клиенттік базаны және басқа да деректерді талдауға, содан кейін үрдістерді визуализациялауға мүмкіндік береді. Платформа бәсекелестерінің арасында Tableau және Microsoft Power BI бизнес-талдаушыларының сервистері бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024