Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Google мәліметтерді iOS-тан Android-қа жылдам тасымалдауға мүмкіндік беретін қосымшаны іске қосты

Google мәліметтерді  iOS-тан Android-қа жылдам тасымалдауға мүмкіндік беретін қосымшаны іске қосты

Google App Store -да Switch to Android қосымшасын іске қосты. Бұл туралы TechCrunch жазады.

Қосымша пайдаланушыларға нөмірлерді, күнтізбені, фотосуреттерді және бейнелерді Android телефонына жылдам импорттауға көмектеседі.

Сондай-ақ қолданба пайдаланушыларға жаңа құрылғысында мәтіндік хабарларды алу үшін Apple-дің iMessage қолданбасын қалай өшіру керектігін көрсетеді және фотосуреттер мен видеоларлы Android жүйесіне көшіру үшін iCloud қызметіне қосылуға мүмкіндік береді. Алайда Google Switch to Android iOS орнатылған қосымшаларды көшіруге қауқарсыз.

Google Switch to Android веб-сайты әлі жаңартылған жоқ, сондықтан жаңа қосымшаның қолжетімді екендігі туралы ақпарат жоқ. Компания да қосымшаның іске қосылғанын ресми түрде жариялаған жоқ. Сондай-ақ қолданба App Store-дегі Google Developer бетінде көрінбейді. Оны тек мына сілтеме арқылы табуға болады.

Компанияның мәліметтерді iPhone-нан Android-қа жылдам көшіруге мүмкіндік беретін қосымшаны жасайтыны туралы былтыр белгілі болған еді.

Похожие материалы