Грекия халықаралық несие берушілердің шарттарына келісуге дайын. Бұл туралы Financial Times жазады.
FT мәліметінше, Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас несие берушілер өткен аптада айтқан шарттарға келісіп отыр. Дегенмен кейбір талаптар өзгерген. Афина үкіметінің басшысы зейнетақы жасын көтеруді кері шегеру және зейнетақыға қосылатын қаржыны бірте-бірте азайту қажет дейді. Осыған дейін А.Ципрас Еурокомиссия, Халықаралық валюталық қор және Еуропалық орталық банк басшыларына хат жіберді деп хабарланған еді. Ол қаржылай көмекті 29,1 млрд еуроға дейін ұзартуды сұрап отыр. Дүйсенбі күні еуроаймақтың қаржы министрлері грекиялық тараппен келіссөз жүргізудің мүмкін емес екендігіне байланысты қазіргі бағдарламаны ұзартудан бас тартты. Алдағы уақытта Еуропалық орталық банк өкілдері Грекияға шұғыл несие берудің қажеттілігін, ал еуроаймақтың қаржы министрлері Грекияның қаржылай көмек туралы жаңа ұсынысын талқылайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024