Грекия 29 маусым, дүйсенбінің кешіне дейін халықаралық онлайн-төлемдерді тоқтатты. Бұл туралы грекиялық үкіметтегі дереккөзіне сілтеме жасап Reuters хабарлайды.
Агенттік мәліметінше, күні бойы ел аумағында банк аударымдарын жүзеге асыру мүмкін болмайды, тіпті дүйсенбі күні Грекияда банкоматтар жұмыс істемейді. Еуроодақтың капитал және жұмыс күшінің еркін қимылы туралы келісімдерге қарамастан Еуропалық комиссия елде енгізілген шектеулерге келісім берді. Қаржылай қызмет бойынша еурокомиссар Джонатан Хиллдің мәлімдеуінше, "қазіргі жағдайда Грекиядағы қаржылай және банк жүйесін тұрақтандыру ең маңызды проблема болып тұр". 5 шілдеде Грекияда халықаралық несие берушілермен келісім жөнінде референдум өтеді. Оған азаматтардың Еуропалық комиссия, Еуропалық орталық банк және Халықаралық валюталық қор ұсынып отырған талаптарына көзқарасы туралы сұрақ қойылған. Осыған дейін Афина билігі ресми түрде елдегі банктердің 6 шілдеге дейін жұмыстарын тоқтататындығы және банктерде қолма-қол ақшаны шешіп алуда 60 еуроға дейін шек қоятындығы туралы хабарлады. Сауалнама жүргізушілердің мәліметінше, гректердің үштен екі бөлігі елдің еуро аймағында қалғанын, 50 пайызы несие берушілермен келісімге келгендерін қалайды. Ал зейнетақыны төмендетіп, салықтарды көтеру идеясы халық арасында кең қолдауға ие емес.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024