Экономика
Грекия ХВҚ-ға 200 млн еуро қарызын төледі
Грекия Халықаралық валюталық қорға (ХВҚ) пайыздар бойынша қарыздарын төлеу үшін 200 млн еуро аударды деп хабарлайды Agence France-Presse. 800 млн еуро болатын екінші төлем мамырдың ортасына дейін жіберілуі керек.
7,2 млрд еуро болатын қаржылай көмек туралы келісім болмауына қарамастан, Афина қарыздарын төлеп бастауды шешті. Элладалық шенеуніктер үкіметтің келесі пайыздық қарыздарын төлеу үшін қаржы болмауы мүмкін деген ақпараттарды да жоққа шығарды. "Қарыздар төленеді", - деді Грекияның қаржы министрі Димитрис Мардас.
Афинадағы AFP дереккөздерінің мәлімдеуінше, 12 мамыр күні ХВҚ-ға тағы 750 млн еуро жіберіледі. Дегенмен де грекиялық экономиканың алдағы болашағы қаржылай көмек мәселесінде болып отыр.
Өтімділік тапшылығының проблемасын шешу үшін билік барлық мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің қорларын Грекияның Орталық Банкіне аудару туралы шешім қабылдады.
Афина Еуроодақ пен Еуропалық Орталық Банктің қайта қаржыландыруды шегере тұруына байланысты қиын жағдайда қалып отыр. Грекияның сыртқы несие берушілерінің алдындағы жалпы қарызы 320 млрд еуроны құрайды.