Грекия мен оның еуропалық серіктестері келесі апта басталғанға дейін келісімге келуді жоспарлап отыр деп жазады Bloomberg.
Тараптар алдын-ала келісімге қол жеткізу үшін 3 мамырды бастапқы мерзім ретінде бекітіп отыр, ал оң келісім жасалған жағдайда 11 мамыр күні еуроаймақ елдерінің қаржы министрлерінің кезекті кездесуінде ол мәміле мақұлданып, Грекияға қажетті ақшаны бөліп беретін болады.
Келіссөздердің сәтті аяқталуының негізгі факторы - бұл кездесуге премьер-министр Алексис Ципрастың қатысуы.
Бұл ретте келісімге келуге бөгет болатын күрделі тосқауылдар баршылық. Грекияның Қаржы министрлігі несиегерлердің пікрінше өткізілуі тиіс реформаларды үкімет өткізуге ниетті емес екенін мәлімдеді, атап айтқанда зейнетақыны қысқарту және еңбек нарығын либералдандыруға қатысты реформалар.
Грекия мамыр айында зейнетақылар мен мемлекеттік қызметкерлерге шамамен 1 млрд еуро төлеуі тиіс, ал ай ортасында Халықаралық валюта қорына 880 млн еуро аударуы қажет.
Төлемдер мерзімі жақындап қалған мезетте Moody's агенттігі ел үкіметі облигацияларының ретйингін тағы бір сатыға, "Сaa2" деңгейіне төмендетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024