Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Грекияда қолма-қол ақша алудың күнделікті шекті сомасы белгіленді

Грекияда қолма-қол ақша алудың күнделікті шекті сомасы белгіленді
Грекияның Қаржы министрілігі жағындағы жүйелік тұрақтылық кеңесі 29 маусым күнінен бастап банктерге енгізілетін төтенше шаралар легін ұсынды деп хабарлайды  РИА Новости . Соңғы шешімді қаржы министрі қабылдау, билік мақұлдауы тиіс. Аталған шараларды қабылдауға "соңғы күндері миллиардтаған еуроның жылыстауы" және демалыс күндері банкоматтардан ақша алуы себеп болып отыр. Банктер дүйсенбі күннен бастап жабық болады. Аса қажеттілік болған жағдайда келесі дүйсенбі, 6 маусымға дейін жабылуы да мүмкін. 29 маусым күні банкоматтар жұмыс істемейді және қолма-қол ақшаға шектеу қойылады. "Төтенше шара бойынша, қолма-қол алудың күнделікті шегі әр банктен бір адам 60 еуро ғана ала алады. Шетелден шетелге банк аралық қаржы аударымдары да шектеледі. Кәсіпкерлердің аударымдары тексерілетін болады", - дейді дереккөз. Оның деректеріне сүйенсек, дүйсенбі күні Афина биржасы жабық болады. Десе де, Грекия үкіметі туристерге бұл шаралардың оларға қатысы жоқ деп сендірді. "Грекияда жүрген немесе келгелі жатқан адамдар қаржы бақылау шарасының өзінің тұрған жерінде шыққан несие карталарын қолданып, транкзакциялар жүргізгісі келгендерге ешқандай кедергі келтірмейтінінен хабардар болулары тиіс", - делінген хабарламада.

Похожие материалы