Грекия борышкерлермен арадағы келіссөздерді бұзып, халықаралық көмек турасындағы референдумды өткізу туралы шешімді қабылдағаннан кейін Азия қор нарықтары мен америкалық қор индекстері төмендеуде, дүйсенбі күні еуроның долларға шаққандағы бағамы төмендеп, АҚШ мемлекеттік бондтарының құны артуда деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Дүйсенбі күні таңертең еуро бағамы 1,1011 долларға дейін немесе 1,4%-ға төмендеді. Standard & Poor's 500 индексінің фьючерстері 1,3%-ға арзандады. MSCI Asia Pacific Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің қор индексі 1,4% жоғалтты. Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,4%-ға дейін, барреліне 62,40 долларға дейін төмендеді. Алтын бағасы 0,6%-ға жоғарылап, он жылдық Treasury бондтарының табыстылығы 16 базистік пунктіге, 2,31%-ға төмендеді. Аналитиктердің айтуынша, Грекия борышкерлермен арадағы келіссөздерді тоқтатып, белгісіздік жағдайында қалып отыр, ал нарық қатысушылары жуырда қандай оқиғалар болатынын болжаумен ғана шектеліп отыр. Грекия 5 шілде күні референдум өткізгелі жатыр, бұл референдумда азаматтар борышкерлердің шарттарын қабылдау қажеттігіне қатысты шешім шығару керек. Үкімет депозиттердің жылыстауы мен елден ақшаның шығарылуын болдырмау мақсатында 6 шілдеге дейін банктердің жұмысын тоқтатып, капиталдардың қозғалысына бақылау енгізуді шешті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024