Грекияның қарызына байланысты орнаған қор нарығы дағдарысының әсерінен әлемнің 400 ең ауқатты адамдары бір күнде 70 миллиард долларын жоғалтқан. Бұл жөнінде жеке есептеулерін жүргізген Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Миллиардерлердің жағдайы пайыздық көрсеткішпен айтқанда 1,5 пайызға азайған. Орта есеппен, олардың әрқайсысы 175 миллион доллар жоғалтқан. Испандық миллиардер Амансио Ортегадан ең көп шығын шыққан - 2,2 миллиард доллар немесе 3,2 пайыз. Ортега Еуропадағы ең бай адам, ал әлем бойынша екінші орында. Оның қаржылық жағдайы - 69,2 миллиард доллар. Америкалық инвестор Уоррен Баффет болса, 1,6 миллиард долларын жоғалтқан. Ол әлемнің ең бай адамдарының ішінде үшінші орында. Қаржылық жағдайы - 67,1 миллиард доллар. Ал, әлемнің ең бай адамы Билл Гейтс 1,4 миллиард долларын жоғалтқан. Пайыздық көрсеткіші - 1,7 пайыз . Сонымен бірге тізімдегі 400 ауқаттылардың ішіндегі 12 миллиардер шығынға ұшырамай, қосымша пайда тапқан. Нигериялық бизнесмен Алико Данготе жалпы тізімде 59-орында, Африканың ең бай адамы. Қаржылық жағдайын 180 миллион долларға толықтырып, нәтижесінде бүгінде оның қаржылық жағдайы 15,3 миллиард доллар болып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024