Грекиялық қарыз дағдарысынан Германия экономикасы 2010 жылдан бері 100 млрд еуро үнемдеді. Бұған жеке мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді азайту әсер етті деп хабарлайды немістік Экономикалық зерттеулер институтының (IWH) сарапшылары. Осы арқылы Грекиялық дағдарыста Германия ұтты деп жазады Deutsche Welle басылымы.
Мамандар Германияның артықшылығын дағдарыс кезінде инвесторлардың өз қаржыларын барынша сенімді жобаға салуға тырысады. Еуропалық қарыз дағдарысы кезінде Грекияға қарсы негативті жаңалықтар пайда болған кезде, ГФР-дың мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздары төмендеп отырды. Ал оларға өз кезегінде инвесторлар ие болды.
Сарапшылардың сөзінше, Грекия барлық қарызы бойынша дефолт жарияласа да, Германия ұтыста қалады. IWH есептегендей, АҚШ, Франция, Нидерланды тәрізді елдерде еуропалық дағдарыстан қандай-да бір пайда көрді. Бірақ олардың барлығына қарағанда Германия көп мөлшерде үнемдей білді.