Грекияның қаржы министрі Янис Варуфакис дүйсенбі күні отставкаға кететіні туралы мәлім етті. Бұл туралы ол өзінің жеке блогында жазды.
Жуырда өткізілген референдум қорытындысы бойынша Грекияда дауыс бергендердің 61,31%-ы несие берушілердің ұсыныстарына "жоқ" деді, қолдау көрсеткендердің үлесі - 38,69%. "Мен несие берушілердің ұсынысы кері қайтарылғанын мақтан тұтамын. Біз, солшылдар, лауазым қамын ойламай, жұмыла әрекет етеміз. Мен премьер-министр Ципрасты, жаңа қаржы министрін және үкіметімізді толықтай қолдаймын", - деп жазды ол өз блогында.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024