Греция билігі сайлау алдындағы уәделерін орындап, кедейлікпен күресті бастады. Апта басында Алексис Ципрас кабинеті көптеген гректер зәбір көрген 6 жылдық рецессиядан кейінгі деградацияға тоқтау қоятын заң жобасын таныстырды.
Жаңа өзгерістер бойынша, халықтың кедей тап өкілдеріне қалалық транспортта тегін жүруге, тегін электрмен қамтамысыз етілуі, пәтерақысын төлеу үшін арнайы жәрдемақы алуға құқықтары бар. Тағы да 300 мың адам азық-түлік талонына ие болады.
Шараның жалпы құнын Грецияның қаржы министрлігі 200 миллион еуро деп бағалады. Шенеуніктердің айтуынша, қаржыландыру көзінің жартысы табылды, қалған бөлігі еуропалық көмек бағдарламасынан алынады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024