Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХҚҚДБ Қазақстанда инновацияларды дамытуға 88 миллион доллар бөледі

ХҚҚДБ Қазақстанда инновацияларды дамытуға 88 миллион доллар бөледі

Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚҚДБ) Қазақстанның қаржы министрлігімен нәтижелі инновацияларды ынталандыру жобасы бойынша қарыз алу туралы келісімге қол қойды. Келісім аясында банк ел үшін өзекті зерттеулерді жүргізу және технологияларды коммерциялау үшін 88 млн доллар бөледі деп хабарлайды Қазақпарат.

ХҚҚДБ қаржыландыратын бес жылдық жоба инновацияларды, ғылыми-өндірістік байланыстарды ынталандыруды және технологиялардың инкубациялық кезеңін дамытуды қамтиды. 88 млн доллар соманы құрайтын қарыз Қазақстанға 15-жылдық мерзімге беріледі. Жұмылдырылатын қарызға қызмет көрсету және оны өтеуге қатысты істермен Қазақстанның қаржы министрлігі айналысады. Халықаралық қайта құру және даму банкі - Дүниежүзілік банктің негізгі несие мекемесі. ХҚҚДБ несиелері дамушы елдердің экономикалық өсімі үшін ұсынылады.

Похожие материалы