Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

H&M Қазақстандағы бірінші жылында неше табыс тапты?

H&M Қазақстандағы бірінші жылында неше табыс тапты?

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – 2017 жылы Қазақстандағы H&M киім дүкені 7,2 млрд теңгеге жуық пайда тапты. Қазақстанда аталмыш брендтің үш дүкені жұмыс істейді. Олардың тапқан табысы Ұлттық Банктің 2017 жылғы 2 ақпандағы мөлшерлемесі бойынша 177 млн Швед кронасын құрады, деп хабарлайды LS.

Компанияның қаржы есепшісінің мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың IV тоқсанында ғана компания 2,3 млрд теңге табыс тапқан.

Дәл осы тұста, Ресейде орналасқан 134 дүкеннің табысы аталған уақыт аралығында 234,2 млрд теңгені құрады.

Сонымен бірге, Жаңа Зеландия (3 дүкен) мен Колумбияда да (3 дүкен) дүкеннің бірнеше нүктелері ашылған. Бұл елдерде дүкеннен түскен табыс көзі 8,6 млрд теңге мен 9,2 млрд теңгеге бағаланды.

Көптеген елдерде өзінің нүктесін ашқан H&M компаниясының жалпы саны 4,7 мыңға жетеді. Ал, мыңдаған дүкеннен келіп түскен табыстың жалпы мөлшері 9,5 трлн теңгеге тең келді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы