Алматы. 11 шілде. 7kun.kz — Көлік полициясының қызметкерлері "Атырау халықаралық әуежайы" АҚ-на тиесілі банк шотынан 12 млн теңге жымқырды деген күдіктіні ұстады. Ол 23 жасар инженер-программист болып шықты. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
"Қаскүнем арнайы білімнің көмегімен пайдакүнемдік мақсатпен ірі ақша сомасын Атырау халықаралық әуежайының шотынан өзінің танысының банктік шотына аударып, сол күні оларды шоттан шешіп алған", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Департаментте жоғарыда аталған факті ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде (ұрлық, аса ірі мөлшерде) тіркелгендігі туралы айтылды.
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша қылмыскер құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024