Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz - Соңғы жылдары әлем бойынша жасалған хакерлік шабуылдар 1 трлн доллларға дейін шығын келтірді. Бұл туралы РФ ФҚҚ ақпараттық қауіпсіздік орталығы басшысының орынбасары Николай Мурашов мәлімдеді.
Бұл әлем бойынша ЖІӨ-нің 0,4-1,5 пайызы және көрсеткіш өсіп келеді.
Қазақстандық интернет-кеңістікте де шулы жағдайлар орын алды. Қаңтардың соңғы демалыс күндері gov.kz сайтын хакерлер бұзып кетті. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттің ұйымдарының, Шығыс Қазақстан облысы табиғат ресурстары департаментінің, Алматы облысы экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасының, «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және кейбір компаниялардың да ресурстарына шабуыл жасалды.
Кибершабуылдарды зерттеу және сараптау ортылығы сарапшыларының мәліметінше, хакерлер жоғарыда аталған сайттар орналасқан серверлерді бұзып кірген.
Ресми ақпарат бойынша, шабуылды Shadow Team hackers тобы жасаған. ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі 21 интернет-ресурс бұзылғанын тіркеді. Оған негізгі себеп сайт басшылары жүйені жаңарту қызметтерін қадағаламаған. Қауіптің алдын алу шаралары жасалмаған. Сондықтан бұл жағдай уақытында анықталмаған. «Интернет-кеңістікте орын алған жағдай кибершабуылдау бизнесі хакерлер үшін үлкен табыс көзі екендігін дәлелдеді. 2016 жылы мұндай әрекеттер өте көп жасалды. Ақпарат қаупінің дамуы бұрыннан келе жатыр. Көбіне танымал сайттардың деректері жоғалады, банктер тоналады немесе маңызды инфрақұрылымдар ұрланады. Алайда, 2016 жылы киберқауіптілік жаңа деңгейге көтерілді»,-дейді «Касперский лабораториясының» сарапшылары.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024