Халықаралық банк (ХБ) 2015 жылы Қазақстандағы экономикалық өсім 1,3% ғана өседі деген мәлімдеме жасады.
"Қазақстандағы ЖІӨ өсімі 2015 жылы минимум ғана жоғарылайды, кейінірек қалпына келеді. Бағалау бойынша, 2015 жылы өсім 1,3% құрайды. Кейінірек 2016 жылы 2,8% және 2017 жылы 3,9% жоғарылайды", - делінген баяндамада.
Қаңтар айындағы есеп кезінде банк елдегі экономикалық өсім 1,8%, 2016 жылы 3,2%, 2017 жылы 4,7% болады деп болжамдаған еді. Ал өткен жылдың маусым айындағы баяндамада 2015 жылы 5,9%, 2016 жылы 6% көбейеді деп хабарланған. "Экономикалық перспективалар кедергілерге тап болды. Мұнай бағасының өзгеруі мен Қытай және Ресейдегі экономикалық жағдай Қазақстанға да әсер ететін болады", - деп түсіндірді мұны банк мамандары. "Салық-бюджет саясаты 2016-2017 жылдары қалпына келуі қажет. Ұлттық қорда қажетті қаржы болғандықтан жалпы мемлекеттік қарыз тұрақты түрінде қалады. Сыртқы қысымға қарсы ақша-несие саясатына түзету енгізілуі мүмкін", - деп атап өтілген құжатта. Экономика министрлігінің бағалауынша, 2014 жылы Қазақстандағы ЖІӨ 4,3% өсті. Келесі жылы 1,5% ұлғаяды деген болжам жасалып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024