Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халықаралық валюта қоры Келісімінің баптарына түзетулерді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Халықаралық валюта қоры Келісімінің баптарына түзетулерді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Сәрсенбі күні өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «Халықаралық Валюта Қоры Келісімінің баптарына түзетулерді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірауыздан мақұлдады.

Заң шығару тәртібіне сәйкес құжаттар сенаттың қарауына жіберіледі.

ҚР ХВҚ Келісімі баптарын ратификациялау туралы заң жобасын 2004 жылы қабылдады. ХВҚ басқарушылар кеңесінің қарарына сәйкес 2008 жылдың 5 мамырында келісімнің «Квотаны және халықаралық валюта қорындағы дауыстарды реформалау» бабына өзгерістер енді. Нәтижесінде қордағы дауыстарды бөлу, оларды есептеу өзгерді.

Аталған өзгеріске сәйкес, атқарушы директор екі орынбасарға дейін тағайындай алады.

ХВҚ басқарушылар кеңесінің қарарына сәйкес 2010 жылдың 15 желтоқсанында «Квотаны және атқарушы кеңес реформасын он төртінші рет жалпы қарау» бабына түзету енгізілді, ол бойынша ХВҚ кеңесі тек таңдалған атқарушы директорлардан ғана тұрады. Аталған түзетулерді ратификациялау ХВҚ қатысушы-мемлекеттері үшін жаңа квоталарды бекітуге тиімді, оның ішінде Қазақстандық квота да бар.

Қазіргі уақытта Қазақстанның квота бойынша  ХВҚ капиталында  365,7 млн  арнайы қарыз алысу құқығы бар, бұл республиканың барлық қатысушы елдердің арасында 0,17% даусы бар екенін көрсетеді, дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Квотаны көтеруге әкелетін, сәйкесінше Қазақстан квотасы 427,8 (АҚАҚ) дейін  ұзартылатын  үш қарар қабылданды. Нәтижесінде Қазақстан 1 млрд 158,4 млн көлемінде (арнаулы қарыз алысу құқығы) квотаға ие болады және дауыс үлесі 0,17-ден 0,26%-ға дейін ұлғаяды", - деді ол.

«Қазіргі кезде Қазақстан Швейцариялық топтың мүшесі болып табылады. Біз бұл топта 5-інші орында тұрмыз. Ал квоталарды қайта қарау нәтижесінде біз Швейцария мен Польшадан кейінгі үшінші орынға көтерілеміз. Соған сәйкес топтың шешімдеріне ықпал ете алатын халге жетеміз және алдағы уақытта аталған топтың тең дәрежелі атқарушы директоры рөліне тағайындала аламыз», - деп түсіндірді өз баяндамасында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Похожие материалы