Экономика
"Халық банк" алаяқтар қол сұғуы мүмкін деген қауіппен 48 төлем картасын бұғаттады
Бүгін "Халық банкі" АҚ-ы 48 клиенттің төлем картасын бұғаттады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Банктің қауіпсіздік қызметі елордадағы банкоматтардың бірінен скимминг құрылғысын тапты, осыған байланысты клиенттердің қаржы қауіпсіздігін сақтау мақсатында сол күні сол банкоматты қолданған 48 клиенттің төлем карточкасы бұғатталды", - делінген баспасөз хабарламасында. Бұл клиенттерге жаңа төлем карталарын банк өз қаражаты есебінен шығарып беремекші. Скимминг - төлем карталары арқылы жасалатын алаяқтықтың аса жоғары технологиялық түрі, ол банкоматтардың көмегімен жүзеге асырылады. Алаяқтар ол үшін электронды құрылғыларды пайдаланады, оның көмегімен төлем карточкасындағы мәлімет пен карточканың ПИН-коды ұрланады. Мұндай жағдайға кез келген адам тап болуы мүмкін. Бұл туралы 7kun.kz бұған дейін жазған болатын. Скимминг туралы толығырақ танысқыңыз келсе, материалды ұсынамыз. Сондай-ақ 7kun радиосынан скимминг туралы тыңдасаңыз болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024