Қазақстанда "рублдендіру" саясаты жүріп жатыр. Бірақ ел басшылығы бұл процессті одан әрі жылдамдатпауы қажет. Халық банкінің төрағасы Үміт Шаяхметова осындай мәлімдеме жасады.
Оның сөзінше, Қазақстан теңге курсын еркін айналымға жібермес бұрын Халық банкі күн сайын 1 млрд рубльден сатып отырған. "Мұның өзі де-факто біздің кәсіпкерлеріміз бен бизнесмендер, қарапайым халық рубль сатып алып жатқандығын білдіреді. Тіпті кей жерде рубльдің сатылым көлемі долларға қарағанда артық болды. Бұл экономикада "рублдендіру" саясаты жүріп жатқандығын білдіреді", - деді ол. Банк басшысының пікірінше, егер жақын арада жағдай өзгермесе үкіметаралық шешімдер құрудың қажеттілігі де азая түседі.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024