Осы жылғы наурыздың басында Қазкоммерцбанк Халық банкке акциялардың бақылау пакетін сату жайлы өзара келісім туралы меморандумға қол қойғанын хабарлаған едік. Меморандумға қатысқан өзге тараптардың қатарында Қазақстан үкіметі, Қазақстанның Ұлттық банк, Қазкоммерцбанк, Халық банк, БТА банк пен кәсіпкер, Qazkom-ның ірі акционері Кеңес Рақышев бар.
Қазком өкілдері меморандумның ешқандай мәжбүрлі күші жоқ екенін айтқан. Оның артын ала Ұлттық банк келіссөз тиімді жүзеге асу үшін Қазақстан үкіметі мен орталық банк «Проблемалы кредиттер қоры» АҚ арқылы қаржыла көмектесуге мүдделі болып отырғандарын хабарлады. Халық банк сатып алатын Қазкоммерцбанктің тағдары қалай болары әлі белгісіз. Сарапшылар екі қаржы институтының арасындағы келіссөз немен аяқталуы мүмкін екенін болжап көрді.
«Еншілесі болады»
Ulagat Consulting Group компаниясының директоры Марат Қайырленовтың ойынша, Халық банк Қазком пакетін сатып алған соң сатылатын банк нашар кредиттер жиналатын қаржы институты ретінде жұмысын жалғастыруы – болуы мүмкін ең ықтимал жағдай. Экономист бұған екі банктің бірігуінде біраз кедергілер себеп болатынын айтады. Мысалы, екі банктің IT-жүйесінің бірігуі қиындық тудыруы мүмкін. «Сондықтан екі банктің бірігуіндегі ең дұрыс шешім – Қазкомның еншілес банк қана болып қалуы», — дейді сарапшы.
Ресей стратегиялық зерттеулер институтындағы Орал орталығының сарапшысы Арина Мордвинова келіссөз бақылаушы пакеттерін сатып алу үшін ғана болып жатқанын, екі ірі қаржы институтының бірікпеуі де, Халық банктің толықтай «жұтып алмауы» да мүмкін екенін айтады. Сәйкесінше, экономист «екі банк арасындағы келіссөз сәтті жүзеге асса, екі қаржы институты жұмысын тәуелсіз жалғастыра береді» деп пайымдап отыр.
«Бірігеді»
«Альпари» компаниясының бас сарапшысы Анна Бодрова екі банк жасасқан меморандумның ешқандай күші жоқ екенін алға тартып, бұл тек қосылуға деген ынта бар екенін дәлелдейтін құрал ғана екенін айтты. «Сатып алу туралы сөз сәйкес құжаттар қабылданған кезде ғана айтылуы мүмкін, бұл тек болуы мүмкін нұсқаларды талқылау ғана. Оның үстіне, «Қазкоммерцбанк» пен «Халық банк» бірігу туралы хабарлағанда «Қазкоммерцбанк» нашар активтер балансынан арылуға көмектеседі, ал бұл қаржы институтының ары қарай тиімді жұмыс істеуге септеседі», — дейді экономист.
«Финам» компаниялар тобының сарапшысы Богдан Зваричтің айтуынша, бұл сауданың болуының өзі күмәнді. «Оның үстіне Қазкоммерцбанк пен Халық банктің бірігу ықтималдылығы жоғары боп тұрғандықтан банктің сатылуы болмауы да мүмкін», — дейді Богдан Зварич.
Естеріңізде болса, осыдан 4 жыл бұрын Халық банк БТА банкін сатып алудан бас тартқан еді. Ол кезде банк БТА-ның акцияларын алу туралы келісімнің аяқталғанын айтып, аталған келісімді қарастырудан бас тартқан еді. Халық банк банкте жүргізілген толықтай тексеруден кейін сатып алудан бас тартатынын хабарлаған.
«Уақыт көрсетеді»
CapitalBank басқарма басшысы Ғани Өзбеков басылымдардың біріне берген сұхбатында Қазкоммерцбанктің алда қандай шешім қабылдайтыны туралы айту әзірге әлі ерте екенін айтқан. "Бұл көбіне банктің қалауына байланысты. Сондықтан не боларын уақыт көрсетеді. Процестің ұзақ әрі күрделі болатыны сөзсіз: рольдерді, қазіргі және алдағы функцияларды бөлу, механизмдер мен ресурстарды үлестіру қиындық тудырады. Дегенмен, егер ең ірі екі банк біріксе бұл банк секторындағы монополизацияның артуына әкелуі мүмкін", — дейді сарапшы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024