Лондон. 23 қаңтар. 7kun.kz - Халық банктің акциялары Қазақстан (KASE) және Лондон (LSE) қор биржаларында күрт арзандап кетті.
20 қаңтар күні болған сауда нәтижесінде Халық банктің бағалы қағаздар құны 11,24 пайызға арзандап кетті. Ал қазақстандық қор биржасында банк акциясы 1,8 пайызға арзандаған. Бағаларды белгілеу 55,25 теңге шамасында қорытындыланды.
Одан бөлек, аталған саудада тағы төрт компания қызыл аумаққа (құнсыздану қаупінің белгісі) енді. Олар - KEGOC (-0,5%), "БАСТ" (-0,04 %), KAZ Minerals (-0,7%) және Kcell (-0,7%). Тек ЦентрКредит (+0,3%) пен "КазТрансОйл" (+0,3%) және Казақтелеком (+0,1%) акциялары біршама қымбаттады.
Айта кетейік, бұған дейін «Халық банк» АҚ мен «Қазкоммерцбанк» АҚ алдын ала келіссөздер жүргізе бастағаны туралы ақпарат шыққан еді. Банк өкілдерінің мәліметінше, Qazkom мен Халық Банк арасында әлеуетті мәміле жөнінде алдын ала келіссөздерді жүргізе бастаған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024