Halyk Bank басқарма құрамынан екі төраға орынбасары шығарылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Halyk Bank) басқарма құрамынан басқарма төрағасының екі орынбасары шығарылды: А.Қарпықова мен А.Смағұлов. Сондай-ақ, екі айдан аз уақыт бұрын төрағаның тағы бір орынбасары жұмыстан босатылған болатын.
«Олардың орнына басқарма төрағасының орынбасарлары болып Вурос О.В.пен Машчык Р.А және Мұқышев Н.Н. сайланды», - делінген Қазақстан қор биржасы (KASE) жарияланған хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, мұндай шешімді банктің директорлар кеңесі 31 наурызда қабылдаған.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, банк басқармасы тоғыз адамнан тұрады: Шаяхметова У.Б., Боданов А.Ж., Вурос О.В., Көшенов М.У., Мамутов Ж.Ж., Машчык Р.М., Мұқышев Н.Н., Салимов Е.И., Сартаев Д.Ж.
Айта кетейік, 10 ақпанда банк басқарма құрамынан Басқарма төрағасының орынбасары А. Г. Мусин шығарылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024