Halyk bank Қазақстандағы Сбербанктің бизнес клиенттерінің несие портфелінің бір бөлігін цессия шарты бойынша сатып алды, деп хабарлайды 7kun.kz ақпараттық агенттігі QazTrading телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Келісім «Қазақстанның Даму Банкінің» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша берілген автонесиелерге, кепілсіз несиелердің бір бөлігіне, шұғыл қажеттіліктерге берілетін несиелерге және ипотекалық несиелерге қатысты.
Аударылған несиелер бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 330 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Сбербанктің Қазақстандағы тұтынушылық несие портфелі 1,1 млрд теңге тең.
«Қаржы секторында несиелік портфельдің бір бөлігін тағайындау қаржы саласында кең таралған тәжірибе болып табылады. Клиенттер бұл арқылы басқа банктегі қызметтерге ауыртпалықсыз ауыса алады. Біздің серіктес банк үшін бұл несие портфелін ұлғайту мүмкіндігі. Біз өз кезегімізде бұл келісімнен клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша өтімділік аламыз», – "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Ельдар Теңізбаев.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024