Алматы. 20 қараша. 7kun.kz – Халық банкінің мемлекеттік «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен пәрменді ынтымақтастығы 2018 жылдың үшінші тоқсанында да жалғасын тапты.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша есепті кезеңде Банк бағдарламаға қатысушы банктердің арасында несиелік портфель көлемі және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуы мақұлданған қарыз алушылар саны бойынша бірінші орынды сенімді түрде иеленіп отыр. Осылайша, Банк қарыз алушыларының «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында субсидияланған кредиттерінің көлемі 1 қазандағы жағдай бойынша 507,4 млрд теңгеге жетті, бұл аталған мемлекеттік бағдарлама бойынша субсидияланған ЕДБ клиенттері кредиттерінің жалпы көлемінің 25%-ын құрайды.
«Даму» қорымен ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты Халық банкінің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін қарыздар бойынша кепілдік беру бағдарламасы болып табылады. Банктің клиенттерімен бұл бағдарлама іске қосылған сәттен бастап 1111 кепілдік шартына қол қойылды, ол бағдарлама аясында шығарылған кепілдіктердің жалпы көлемінің 25%-ын (4 465) құрайды. Бұл ретте «Даму» қоры кепілдіктерінің сомасы Банк үшін 18,5 млрд теңге құрайды, бұл ЕДБ клиенттері кепілдіктерінің жалпы сомасының (66,9 млрд теңге) 28 %-на тең. Осы көрсеткіштердің әрқайсысы бойынша Халық банкі кепілдік беру бағдарламасына қатысу шеңберінде екінші деңгейдегі банктер арасында тұрақты түрде 1 орынға ие.
Бұған қосымша Халық банк шағын және орта кәсіпкерлерді (ШОКС) қаржыландырудың түрлі мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысады. Осылайша өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін ШОКС қолдау бағдарламасының шеңберінде осы бағдарламаны іске асыруға мемлекет бөлген 32 млрд теңгеден Халық банк 163 млрд теңге сомасына 615 жобаны қаржыландырды (екінші қайтара игеруді ескере отырып). Бөлінген және игерілген қаражат көлемі бойынша Халық банк ЕДБ арасында 1 орында тұр.
2006 жылғы мамырда Банк «Даму» қоры мен жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен ШОКС өңірлік қаржыландыру бағдарламасын іске асыруды қолға алды. 2018 жылғы 1 қазанға сәйкес «Даму» қоры мен Банк арасында республикамыздың барлық аймақтарын қамтитын бағдарлама аясында жалпы сомасы 17 млрд теңге құрайтын 50 келісім жасалды.
2017 жылғы тамыздан бері Халық банк нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысуда. 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Банк Алматы және Астана қалаларында, 13 облыста (Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола) қызмет етіп отыр. Банктің бағадарламаға қатысу кезеңінде 394 қарыз алушы 3,6 млрд теңгеге қыржалындырылды. Орналастырылған қаражат көлемі бойынша Банк республика ЕДБ арасында 2 орынға ие болып отыр.
2017 жылғы желтоқсанда Халық банк «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісе бастады (жеке құрылысшылардың тұрғын үй салуын ынталандыру бағыты шеңберінде). Бүгінгі таңда бағдарлама шеңберінде Банк 31 субсидиялау шартын бекітті және бұл жұмыс белсенді түрде жалғасуда.