Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – Халық банк шағын және орта кәсіпкерлерді (ШОКС) қаржыландырудың түрлі мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға белсенді қатысады. Бұл туралы басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова мәлімдеді.
Өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін ШОКС қолдау бағдарламасының шеңберінде осы бағдарламаны іске асыруға мемлекет бөлген 32 млрд теңгеден Халық банк 84,8 млрд теңге сомасына 338 жобаны қаржыландырды (екінші қайтара игеруді ескере отырып). Бөлінген және игерілген қаражаттар көлемі бойынша Халық банк алғашқы үштікке кіреді.
ШОКС өңірлік қаржыландыру бағдарламасы бойынша Халық банк пен «Даму» қоры арасында жалпы сомасы 8,8 млрд. теңгеге 25 келісім бекітілген, оның ішінде жалпы сомасы 6,4 млрд. теңгені құрайтын 21 келісім бойынша бастапқы игеру 100%-бен аяқталды. Бүгінде Халық банк 2017 және 2018 жж. бағдарламасы бойынша бөлінген, қалған 2,4 млрд теңге қаражатты бастапқы игеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024