Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халық банк басшысының ұлы облыс әкімінің орынбасары болды

Халық банк басшысының ұлы облыс әкімінің орынбасары болды

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Сәкен Шаяхметовтың облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны туралы хабарлады.

Сәкен Шаяхметов - Президенттік кадр резервіне енген жастардың бірі. Жаңа орынбасар облыстағы инвестициялар, кәсіпкерлікті және арнайы экономикалық аймақты дамыту мәселелерімен айналысады.

Бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған Шаяхметов 1990 жылы 2 мамырда Алматы қаласында өмірге келген. Техас университетін «Мұнай-газ ісі» және «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Қытай-Европа халықаралық бизнес мектебінде МВА дәрежесін алған, сондай-ақ,Tufts University құқық пен дипломатия саласындағы гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Түрлі жылдары Атырау облысындағы «Болашақ» зауытында механиктің көмекшісі, Caspi Meruerty Operating Company B.V. компаниясында экономист, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Айта кетейік, Сәкен Шаяхметов - "Қазақстан Халық Банкі" АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың ұлы.

Похожие материалы