Алматы. 18 қараша. 7kun.kz – «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» акционерлік қоғамы «Тәжікстан Халықаралық Банкі» ЖАҚ-пен «Халық Банк Тәжікстан» ЖАҚ акцияларының 100%-ын сату туралы келісім жасасты. Бұл туралы банктың баспасөз қызметі хабарлады.
«Тәжікстан Халықаралық Банкі» ЖАҚ барлық қажетті реттеушілік мақұлдауларды алды. Мәміле 2022 жылдың желтоқсанында аяқталады деп күтілуде», – делінген хабарламада.
Банктің хабарлауынша, келісім аяқталғаннан кейін еншілес ұйым жұмысын әдеттегідей жалғастыра береді.
Айта кетейік, Халық банкін Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы мен күйеу балас Динара мен Тимур Құлыбаевтар «Алмэкс «Холдингтік тобы» АҚ (69,52%) арқылы басқарады, сондай-ақ 28,69% акциямен The Bank of New York номиналды ұстаушы болып саналады.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Халық банкі Қазақстандағы 21 банк арасында активтерінің көлемі бойынша 1-ші орынға ие болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024