18 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтардың банктердегі шетел валютасындағы салымдарының үлесі 39,5%-нан 41,9%-на дейін ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Долларлық депозиттердің 2,4% ұлғаюына себеп - теңгенің валютаның қымбаттауы.
18 наурыздағы жағдай бойынша банктердегі жалпы салымдар 586 млрд теңгеге немесе 2,2%-ға ұлғайып, 26,8 трлн теңгені құраған. Мұнда жеке тұлғалар салымдарының үлесі 51,4%-ды немесе 13,9 трлн теңгені, заңды тұлғалардың салымдарының үлесі - 48,6%-ды немесе 13,1 трлн теңгені құрады.
Айта кетейік, ҚР заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет кепілдік береді. 2022 жылғы қаңтарда «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігімен депозиттерді кепілдендірудің шекті сомалары 20 млн теңгеге дейін ұлғайтты.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024