Халықаралық әскери көрмеде 100-ден аса қазақстандық компанияның өнімі ұсынылады
Астанада 2016 жылғы маусымның 2-і мен 5-і аралығында қазақстандық қорғаныс саласындағы ең ауқымды және сұранысқа ие шара өтеді. «KADEX-2016» халықаралық көрмесінде 100-ден аса қазақстандық компаниялардың әскери өнімі ұсынылмақ. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара аясында қонақтар мен қатысушылар қорғаныс секторы кәсіпорындарының тың әзірлемелерінің экспозициясымен танысып қана қоймай, олардың іс-әрекеттегі жауынгерлік мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік алады.
Көрмеге өздерінің өнімін жабық павильондар мен ашық алаңдарда ұсынатын әр елден 300-ге жуық компания, сондай-ақ 100-ден аса қазақстандық кәсіпорын қатысатын болады.
Қазақстандық зауыттармен шығарылатын өнім қазіргі заманғы тактика-техникалық сипаттамаларға жауап береді және жеке меншік әзірлеменің инновациялық технологияларын қамтиды. Мәселен, «KADEX-2016» көрмесінде халықаралық нарыққа шығуды жоспарлап отырған қазақстандық компания «Семей инжиниринг» АҚ ұсынылады. Бұл бағытта отандық кәсіпорынның жоспарларына Т-72 танктерін, жаяу әскердің ЖӘЖМ-1 ұрыс машиналары мен БТР-70 броньды транспортерларын іске асыру кіреді. Бұл броньды танкті техниканы жөндейтін және әскери және әскери-инженерлік техниканың базасында конверсиялық техниканы дайындайтын Қазақстандағы бірден-бір зауыт.
«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС «Арлан» минаға қарсы қорғанысы бар броньдалған автомобильді, арнайы әскерлер мен арнайы мақсаттағы жауынгерлерге, сондай-ақ әскери полицияға арналған ұрыс дөңгелекті машинасын ұсынады. Ұзындығы 6,5 м, биіктігі – 3 м, ал барынша жылдамдығы 120 км/с броньдалған жол таңдамайтын көлік лаңкестік актілерде қолданылатын өздігінен жасалған бомбалардан толық қорғалған. Мұндай техниканың шығарылуы - бұл әлемдегі қарудың дамуының заманауи үрдісін ескере отырып, тәуелсіз қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенін қалыптастыру үрдісіндегі жаңа кезең. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Арлан» секілді оқ ату мүмкіндіктері бар техниканың баламасы жоқтың қасы.
Бұдан бөлек, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, ӘШҚҚ жүйелері мен құралдары, арнайы мақсаттағы құралдар мен мүлік, IT-технологиялар, байланыс жүйелері мен құралдары, тылдық және техникалық мүлік ұсынылатын болады. Көрме қорғаныс өнеркәсібі саласындағы соңғы жетістіктерді көрсетудің жаңа мүмкіндігі болып табылады.
2010 жылғы көрменің қорытындысы бойынша 1,5 млрд доллар сомасында 10 ұзақ мерзімді құжат жасалды. Оған 156 компания, оның ішінде 86 отандық компания қатысқанын айта кетейік. Ал 2014 жылы көрме барысында қол жеткізілген уағдаластық 2,6 млрд. АҚШ доллары сомасында 31 ұзақ мерзімді құжаттың жасалуына түрткі болды. Қатысушы компаниялардың саны 300-ге, оның ішінде отандық компаниялардың саны 92-ге дейін ұлғайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024