Халықаралық компаниялар қазақстандық жобаларды 10,6 млрд долларға қаржыландырады
Алматы. 23 қазан. 7kun.kz – Трансұлттық компания аясында құны 1,4 млрд болатын 12 жоба жүзеге асырылуда. Тағы 22 жоба пысықталып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.
Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында министрлік трансұлттық компанияларды тарту жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
Шамамен 10,6 млрд доллар болатын 34 жобадан трансұлттық компания жобаларының тізімі жасалды. Жалпы сомасы 1,4 млрд доллар болатын 12 жоба іске асырылу сатысында, 9,2 млрд долларлық 22 жоба пысықталуда.
«Қазіргі уақытта 3 деңгейлі инвестиция тарту жүйесі құрылды: сыртқы деңгейде - ҚР Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің инвестициялық кеңесшілері және «Kazakh Invest» өкілдері; орталық деңгейде - Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы АҚ-ы; өңірлік деңгейде - жергілікті атқарушы органдар, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы АҚ-ның аймақтық өкілдері», - деді ол.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, еліміз Орталық Азиядағы тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы болып табылады. Қазақстанда шетелдік инвестиция тарту 12 млрд доллардан асты. Негізгі инвестиция 21,6 пайызға артып, 7,5 трлн теңгені құрады. Жалпы Жамбыл, Маңғыстау, ШҚО сияқты бірқатар аймақта жеке қаражат тарту үрдісі жолға қойылған. Ал Астана, Қызылорда облысы және Шымкентте бұл ахуал кенжелеп тұр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024