Экономика
Халықаралық сарапшылар «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына жоғары бағалады
Дүниежүзілік банк сарапшылары ҚР Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттарын іске асыру шараларына оң баға берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық сарапшылардың ең жоғарғы бағасына медицинаның профилактикалық бағытын күшейту, ұйымдардағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру, медициналық көмекті басқару мен қаржыландыру бағыттары ие болды. Мембағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде барлық 8 мақсатты индикаторлар орындалды: ана (1,8 есеге) мен сәби (1,8 есеге) өлімінің көрсеткіші төмендеді, туберкулезбен сырқаттану (1,6 есеге) азайды, негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардан: қан айналым жүйесі ауруларынан (2 есеге), қатерлі ісіктерден (15%-ға), жарақаттану мен уланудан (на 21%) болатын өлім-жітім төмендеді. Жалпы өлім-жітім көрсеткіші де (жоспар бойынша – 7,62, шын мәнінде 1000 тұрғынға шаққанда 7,52) азайды. Ынтымақты жауапкершіліктің 7 сектораралық бағдарламасын жүзеге асыру, құрамында 9 нозология бойынша тексеру шаралары бар Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асыру, тұрғындарды 21 вакцинамен басқарылатын инфекциядан уақытылы иммундаумен қамтамасыз ететін, бірқатар жұқпалы аурулар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету бағдарламаның негізгі нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін облыстық аурухана ұйымдары жүйесінің құрылымын өзгерту бойынша мастер-жоспар жобалары жасалып, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижесін бағалаудың халықаралық бағалау индикаторларын енгізу. ЖОО түлектері мен дәрігерлер және т.б. білімі мен машығын тәуеліз бағалау республикалық орталығы салынды. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 15 қаңтарда Мемлекет басшысы «Саламатты Қазақстан» Мембағдарламасының жалғасы болып табылатын ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын бекітті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024