Экономика
Халықаралық валюта қоры қарызы қайтарылмаған елдерге несие бермеу туралы шешімін тоқтатты
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) дербес қарызын қайтаруды кешіктірген елдерге несие беруге тыйым салған шешімін тоқтатты. Бұл туралы ХВҚ ресми өкілі Джерри Райс мәлімдеді, деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Аталған шешімге Ресей қарсы дауыс берген. Бұл жөнінде Вашингтондағы ТАСС тілшісіне ХВҚ ресейлік дирекциясының өкілі хабарлаған.
Қабылданған шешім Киев Ресейдің алдындағы қарызын өтеуді кешіктірген күннің өзінде де, Украинаға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыра беретінін білдіреді. Дегенмен бұл ұйғарымның дербес қарызы болса да, Қордың несие қолдауына ие болған елдерге де қатысы бар.
Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов ХВҚ-ның дербес қарызын қайтаруды кешіктірген елдерге несие беруге тиым салу шешімін алып тастау, Ресейдің мүддесіне нұқсан келтіретінін айтып, «бұл Киевке қарызын төлемеуге заңды түрде рұқсат беру мақсатында жасалды», -деді.
Фото: today.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024