Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халықтың депозиттегі ақшасы азайып жатыр

Халықтың депозиттегі ақшасы азайып жатыр

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz – Қазақстандықтар банктердегі депозиттері 7,4 трлн теңге болды.

Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 1 маусымында жеке тұлғалардың салымдарында 13,2 млрд теңге, жедел – 7,38 трлн теңге сақталды. Осылайша, резидент еместердің ақшаларын есепке алмай, қазақстандықтардың депозиттеріне 7,47 трлн теңге шоғырланған. Бұл жыл басына қарағанда 93 млрд теңгеге аз.

Оның ішінде ұлттық валютадағы мерзімді салымдар – 4,1 трлн теңге, шетел валютасындағы салымдар – 3,3 трлн теңге. Сонымен қатар шетел валютасындағы талап етуге дейінгі депозиттерде бұл сома 6,2 млрд теңгені, ал ұлттық валютада – 7,06 млрд теңгені құрады.

Негізінен қаржының басым бөлігін Алматы қаласының тұрғындары жинады. Олардың шоттарында 3,1 трлн теңге бар. Оның ішінде талап етілгенге дейінгі салымдар – 4,7 млрд теңге, жедел салымдар – 3 трлн теңге.

Екінші орынға 951,6 млрд теңге салымымен Нұр-Сұлтан қаласы жайғасты. Жедел салымдар – 950 млрд теңгеден астам, талап етілгенге дейінгі салымдар – 1,1 млрд теңге.

Үштікті Қарағанды облысы түйіндейді, онда жедел салымдар бойынша 518,6 млрд теңге, талап етілгенге дейінгі салымдар – 855 млн теңге.

Маусым айының басында депозиттерде ең аз ақша Жамбыл облысында – 132,3 млрд теңге, Қызылорда облысында – 95,1 млрд теңге және Түркістан облысында – 14,8 млрд теңге тіркелген.

Похожие материалы