
Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтарда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 94 975 теңгені құрады, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Бұл 2018 жылғы қаңтарға қарағанда 10,5%-ке жоғары, аталған кезең ішінде нақты ақшалай табыстар 5,1%-ке өсті.
Ағымдағы жылдың қаңтарында халықтың атаулы ақшалай табыстарының құрылымында жалдамалы жұмыспен қамтылудан түскен табыс 70,9%, өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыстар - 11,2%, әлеуметтік трансферттер түріндегі табыстар - 16,8% және өзге де ақшалай табыстар 1,1%-ті құрады.