АҚШ-тың экс-мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның сайлау кампаниясы Америка тарихындағы ең қымбаты болуы мүмкін. Ол өз жақтастары тарапынан және өзінің үімткерлігін қолдайды деген сенімдегі Демократиялық партия тарапынан 2,5 млрд доллар тартуды көздеп отыр деп жазады The New York Times газеті.
Осыған дейін Wall Street Journal Хиллари Клинтон 1 млрд доллар жұмсамақшы деп хабарлаған еді. 20102 жылғы сайлау кезінде Барак Обаманың сайлау бюджеті 716 млн долларды құрады.
Айта кетейік, 12 сәуірде Клинтон АҚШ президенттігіне үміткер ретінде сайлауға түсетіндігін мәлімдеді.
"Мен президенттік бәйгеге түсемін. Әрбір америкалықтарға чемпион қажет. Мен сол чемпион болғым келеді", - деді ол өзінің Facebook парақшасындағы "Хиллари Америка үшін" деп аталатын екі минуттық ролигінде. Оның сайлау алды туры 14 сәуірде Айова штатынан басталады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024