Экономика
Авто
Хоум Кредит Банк пен Samsung серіктестік туралы меморандумға қол қойды
Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz - Алматыда Хоум Кредит Банк пен Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Мұның аясында екі ірі ұйым ұзақмерзімді серіктестік пен банк клиенттері үшін бірлескен жұмыс жасауға келісті.
Ресми шараға Хоум Кредит Банктің басқарма төрағасы Карел Горак пен Samsung Electronics Central Eurasia президенті Чол Ун Юн қатысты.
Серіктестер келісім аясында тұрақты түрде ақпарат алмасу, бірлескен акциялар мен жобаларды жасау барысында бір-біріне қолдау көрсетеді.
[su_quote]
«Бұл серіктестігіміз барлығымызға – Samsung компаниясына, біздің Банкке және клиенттерімізге де тиімді боларына сенімдіміз. Бізге серіктестеріміздің қатары тұрақты түрде көбейіп, Samsung сынды ірі компаниялардың қосылғаны өте жағымды. Бұл біздің табыстылығымыз бен тұрақтылығымызға тек біз ғана емес, клиенттеріміз де сенімді екенін көрсетеді», - дейді Карел Горак.[/su_quote]
Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті де болашақтағы жобалардың табысты боларына сенімді және мұндай тәжірибе туралы тек жақсы жағынан баяндайды.
[su_quote]
«Біз қазақстандықтарға заманауи және маңызды қаржы өнімдерін үсынатын Хоум Кредит Банкпен ұзақмерзімді серіктестікке қуаныштымыз. Біздің тұрақты түрде жалғасатын бірлескен жұмысымыз, сараптама және тәжірибе алмасу екі компанияның да өнімдері бен қызметтерімізді жетілдіріп, клиенттерімізге үлкен пайда әкеледі деп үміттенемін»,- деп атап өтті Чол Ун Юн.[/su_quote]
Алғашқы жобалардың бірі – Хоум Кредит Банктен 3 миллион теңгеге депозиттік сертификат* алған клиенттер автоматты түрде банктің Samsung Galaxy A6 plus смартфоны түріндегі марапатына ие болуға мүмкіндік беретін бірлескен акция.
[su_quote]
«Серіктес ретінде біз Samsung компаниясын жәй ғана таңдаған жоқпыз. Қазір біз банктік қызметтерді цифрландыруға көп көңіл бөлудеміз. Мысалы: біздің клиентіміз Home Credit Bank мобильді қосымшасын тұтынып, өз қаражатын жеңіл басқара алады. Және смартфон банктің клиентке тек «Рахметі» ғана емес, сонымен қатар мобильді банкинг үшін таптырмас құрал», - дейді банк басшысы. [/su_quote]
*Депозиттік сертификат – Хоум Кредит Банктің салымшыға жылдық сыйақысы 15% табыс алуына мүмкіндік беретін ерекше өнімі. Қазіргі кезде «Хоум Кредит Банкінің» депозиттік сертификаттары 2 млрд теңгеден астам қаражат тартты.