Қытайдағы өнеркәсіптік өндіріс қарқынының өсімі 2015 жылдың наурызында ұлғайды, бірақ сарапшылар күткендей көрсеткішке жетпеді.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда 5,9%-ға көбейді, ал наурыз айында бұл көрсеткіш 5,6% мөлшерінде тіркелген еді деп хабарлайды елдегі Мемлекеттік статистикалық басқармасы. Bloomberg агенттігінің сауалнама жүргізген сарапшылар өндіріс қарқыны 6%-ға көтеріледі деп болжаған еді. 2015 жылдың сәуіріндегі бөлшек сауда өткен жылмен салыстырғанда 10% өсті, бірақ сарапшылар бұл көрсеткіш 10,4%-ға дейін жетеді деп мәлімдеген еді. ҚХР-дың негізгі активтеріне салынған инвестициялар көлемінің өсімі де күткендей болмады. Бұл көрсеткіш өткен айда 12%-ға ұлғайды, ал наурыз айында 13,5%-ға көбейді. Осыған дейін Қытай Халық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені 4 пайыздық пунктіге төмендеткені хабарланған еді. Бұл қадам аймақтар мен компаниялардың іскерлік белсенділігін қолдап, қарыз салмағын азайту үшін жасалынды. Негізгі бәсті төмендету Қытайда соңғы жарты жылда үшінші рет төмендетіліп отыр. Бәс төмендегеннен кейін ОБ-ның несие бойынша бәсі 5,1%, депозитті бәс 2,25% құрайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024