Шығындарын қысқарту мақсатында ірі еуропалық HSBC банкі Ұлыбританиядағы 8 мың жұмыс орнын жауып жатыр. Қысқарту Еуропадағы барлығы 25 мың адамға жанасады. Бұл көрсеткіш банк қызметкерлерінің жалпы санының 10 пайызын құрады деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.
Сондай-ақ, банк басшылығы Ұлыбританияда жүргізілетін барлық операцияларды жекешелендірмекші және Түркия мен Бразилиядағы шығынды бөлімдерін толығымен жаппақ. Бұл жаңалық банктың атқарушы директоры Стюарт Гулливердің инвесторлары мен сарапшыларымен кездесуі алдында сейсенбі күні хабарланды. Гулливер бұл қызметті 2011 жылдан бері атқарып келеді.
" Біз әлемнің өзгеріп жатқандығын және бұл үдерістен қалмауымыз қажет екендігін түсінеміз. Сондықтан біздің ұйымымызды құрылымдауы керек осы стратегиялық қадамдарды мақұлдап отырмыз", - деп мәлімдеді ол. Жалпы жоспар 10 пункттен тұрады, олардың қатарында шығындарды 5 млрд долларға азайту және Азия, әсіресе, Қытайға инвестицияны көбейту керек деген бөлімдер бар. "Алғашқы онжылдықта Азиядағы сауда өсімі көбейеді. Қазіргі әрекеттеріміз арқылы осы мүмкіндікті пайдалана аламыз деп ойлаймыз", - деді Гулливер. Қысқартулар көмектесе ме?Банк акциялары соңғы 12 ай ішінде 9 пайызға құнсызданды, алайда қысқарту туралы хабарламадан кейін HSBC-дің Гонгонгтағы құнды қағаздарының белгіленімі 1 пайызға өсті.
Дегенмен де, Mizuho Securities Asia сарапшысы Джеймос Антос қайта құрылымдау туралы жоспар инвесторлардың банкке деген сенімін қайтара алмайды деп есептейді. Банк басшылығы осы жылдың соңына дейін HSBC штаб-пәтерін Ұлыбританиядан Гонгонгқа ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Мұндай өзгерістің орын алуы мүмкін екендігі сәуір айында хабарланды. Соңғы 4 жылда британдық банктер несие көлеміне байланысты қосымша жылдық салық төлеуге мәжбүр. Өткен жылы HSBC 1 млрд доллар көлемінде салық төледі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024