Алматы. 17 шілде. 7kun.kz — Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы Кристин Лагард 2019 жылы 12 қыркүйекте отставкаға кетеді.
"Кристин Лагардтың осындай шешіміне байланысты ХВҚ Атқарушы кеңесі қысқа мерзімде келесі басқарушы директорды таңдау процесін бастайды, ол туралы өз уақытында хабарлайды. Атқарушы кеңес қор директорының міндетін атқарушы болып қалатын Дэвид Липтонға сенім білдіреді", –делінген ХВҚ мәлімдемесінде.
ХВҚ хабарламасында, Лагардтың басшылығымен Қор өз мүшелеріне сын-қатерлер кешенін жеңуге табысты көмектескендігі айтылған.
"Біз Лагардқа ХВҚ үшін жасаған барлық іс-әрекеттері үшін үлкен ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Оның жетістіктері ұзақ уақытқа із қалдырады. Оның басшылығымен Қор өз мүшелеріне жаһандық қаржы дағдарысының салдарын қоса алғанда, бұрын-соңды болмаған қиындықтармен күресте сәтті көмектесті", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының басшысы қызметіне 2011 жылы тағайындалды. Осылайша, ол Қордың алғашқы әйел – директоры болды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024