Алматы. 22 шілде. 7kun.kz — Оңтүстік Кореяның Hyundai Motor Co. автоөндірушісі 2019 жылдың екінші тоқсанында соңғы жеті жылдағы операциялық пайданың ең жоғары өсімін тіркеді, оған автокөліктердің жаңа үлгілеріне деген сұраныстың жоғары болуы ықпал етті.
"Сәуір-маусым айларында операциялық пайда 1,24 трлн Оңтүстік Корея вонын (1,05 млрд доллар) құрады - өткен жылдың сәйкес кезеңінде 950,8 млрд вон. Көрсеткіш 30,2%-ға өсті », - делінген компания хабарламасында.
Bloomberg агенттігі сұрау салған сарапшылар орташа есеппен Hyundai-дың операциялық пайдасын 1,14 трлн вон деңгейінде болжады.
Таза пайда 23%-ға, бір жыл бұрынғы 810,7 млрд воннан 999,3 млрд вонға дейін өсті. Hyundai түсімі 9,1%-ға, 26,97 трлн вонға дейін артты, өткен жылдың осы кезеңінде 24,71 трлн вон болды. Оңтүстік Кореяның валютаының ағымдағы жылыы АҚШ долларына қарсы әлсіреуі компанияның пайдасына оң әсерін тигізді. Дүйсенбідегі сауда-саттық негізінде Hyundai акциялары 1,12%-ға төмендеді. Жыл басынан бері компанияны капиталдандыру 12,2%-ға өсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024