Қазақстанда осы жылдың алғашқы үш айының ішінде көлеңкелі экономика саласында 1311 қылмыс жасалған деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Кірістер комитетінде «Көлеңкелі айналымды азайту: Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша қолданатын шаралар» тақырыбында өткен брифингте көлеңкелі экономика айналымын төмендету мақсатында қылмыстық құқық шеңберіндегі шаралармен қатар, жалған кәсіпкерлікпен байланысты құқық бұзушылықтар жасаудың, капиталды шекарадан тыс шығарудың, салық пен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың, экономикалық контрабанданың, мұнай мен мұнай өнімдерінің, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының, заңсыз ойын бизнесі мен жалған ақша жасаудың алдын алуға бағытталған нормативтік-құқықтық механизмдерді жетілдіру қажеттігі туралы сөз қозғалды. Республика бойынша ағымдағы жылғы үш ай ішінде ғана көлеңкелі экономика саласында 1311 қылмыс жасалған, оның ішінде: жалған кәсіпкерлік - 306 қылмыс; салық төлеуден жалтару – 147 қылмыс; экономикалық контрабанда – 96 қылмыс; мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз сақтау – 25 қылмыс; алкоголь өнімінің заңсыз айналымы – 72 қылмыс; заңсыз ойын бизнесі – 85 қылмыс; жалған ақша жасаушылық – 580 қылмыс. "Комитетпен төлемдерді қолма-қол тәртібінде жүзеге асыруға, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін банк шоттарынан ақшаны қолма-қол алуға лимит белгілеуге (жеке тұлғалар үшін – қолма-қол алынған жалпы сомасы айына 3 мың АЕК-тен; заңды тұлғалар үшін – айына 10 мың АЕК-тен аспауы тиіс) шектеулерді енгізу мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық шаралар енгізілді", - делінген комитет таратқан баспасөз мәлімдедесінде. Сонымен қатар, ҚР Қылмыс кодексінің 245-бабына өзгертулер енгізу ұсынысы жасалды: Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бересі сомаларын, есептелген өсімпұлдарды, айыппұл сомаларын өз еркімен төлеген тұлға осы баптың бірінші бөлігі бойынша, егер оның әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024