2015 жылдың І тоқсанында KAZ Minerals компаниялар тобы 19,1 мың тонна катод мысын өндірді, бұл өткен жылдың IV тоқсанындағы көрсеткіштен 26,1%-ға төмен. Алайда өндірістің қазіргі қарқыны жылдың аяғына дейін 80-85 мың тонна жоспарланған көлемге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Компания деректеріне сүйенсек, концентраттағы мыс өндірісі 21,5 мың тоннаны қамтыды, бұл өткен жылғы IV тоқсандағы көрсеткіштен 9,7%-ға төмен. Есептік кезеңде топ 1,05 млн тонна кен өндірген, былтырғы жылдың IV тоқсанындағы мөлшерден шамамен 6%-ға аз. Кендегі мыстың орташа құрамы - 2,31%.
І тоқсанда 25,1 мың тонна мырыш шығарылды (2014 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда көрсеткіш 21,6%-ға төмендеген). 2015 жылға арналған жоспар - 90-95 мың тонна.
Күміс өндірісі 896 мың унцияны қамтыды (2015 жылға арналған болжам: 2,2-2,5 млн унция), өткен жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда өсім 11,1%-ды құрады.
Құйма түріндегі алтын өндірісінің көлемі есептік кезеңде 6,4 мың унцияға жетті (2014 жылдың IV тоқсанынан бері төмендеу 57,6%). Іш ай ішінде топ 10,7 мың тонна концентраттағы алтын шығарды (2014 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда өндіріс 27,1%-ға азайды). Сондай-ақ, жыл бойына Қырғызстандағы Бозшакөл кен орнындағы алтын өндірісінің көлемі арттырылады, бұл жылдың аяғына дейін жоспарланған 42-47 мың унцияға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2015 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша KAZ Minerals-тың таза берешегі - 1,29 млрд доллар. 2014 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда қарыздың өсуі (962 млн доллар) Бозшакөл мен Ақтоғай жобаларының өсімін іске асыруға және несие желілері бойынша пайыздық төлемдер мен салықтардың төленуіне байланысты.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024