
Нұр-Сұлтан. 1 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстандық әйелдердің зейнет жасы 61 жасқа дейін төмендейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде белгіленеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет», – деді президент.
Cондай-ақ президент зейнетақы жүйесіне де өзгерістер қажет екенін айтты. Зейнетақының ең төменгі базалық ставкасы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ал ең жоғары ставка 120%-ға дейін жеткізіледі.
Оның айтуынша, бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай зейнетақының жалпы мөлшерін орташа есеппен 27%-ке ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025