Әйелдердің зейнетке шығу жасын әр бала үшін төмендету – министр пікір білдірді
Алматы. 13 қаңтар. 7kun.kz – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың әйелдердің зейнеткерлік жасын әр балаға қысқарту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, егер Үкімет әрбір баланың дүниеге келуіне байланысты зейнеткерлік жасты азайтса, онда әйелдердің жинақ қорындағы ақшасы жетпейді.
«Қазір қолданыстағы заңға сәйкес, 53 жасқа толған 5 баласы бар әйелдің зейнетке ерте шығуға мүмкіндігі бар. Ол жұмыс жасамаған күннің өзінде 4 баладан артық баласы болса, онда мемлекет 12 жыл еңбек өтілін береді. Енді депутат Аманжол Жамаловтың ұсынысына келетін болсақ. Бүгінде зейнетақы еңбек өтіліне және табысына қарап есептелінеді. Бұл – мемлекеттен берілетін зейнетақы. Егер 1998 жылға дейін еңбек өтілі болмаса, ол кісілердің балалары көп болғанына қарамастан еңбек өтілі есептелмейді. Сондықтан соңғы кезде негізгі мәселе азаматтардың жинақтаушы қорындағы қаражатының көп болуына байланысты болып отыр. Егер де жинақтаушы қорда қаражаты болмаса, еңбек өтілі болмаса, ол кісінің зейнетақысы да өте аз болады», – деді министр.
Министр бұл ұсынысты жан-жақты талқылау қажет екенін атап өтті.
Еске салайық, Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов дүниеге әкелген әр баласы үшін әйелдің зейнетке шығу жасы 2 жылға қысқаруы керек деген ұсыныс білдірген болатын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024