Алматы. 30 қазан. 7kun.kz — Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде (ИИДМ) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті құрылды. Бұл туралы Нормативтік құқықтық актілердің сайтында хабарланды.
"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті құрылсын", – делінген хабарламада.
Жаңа комитет ҚР Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдармен, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ҚР-ның арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Сонымен қатар, Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті монополияға қарсы органмен келісе отырып әскери мақсаттағы тауарларға, қосарланған тауарларға баға белгілеу ережелерін әзірлейді. Комитет отандық тауар өндірушілердің тізімін жасайды, бюджет қаражаты тапсырыс алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындаушысын таңдауды жүзеге асырады.
Айта кетейік, Қазақстанның ИИДМ-де бес комитет бар: Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Көлік комитеті, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024