Алаяқтар қазақстандық интернет-қолданушылардан браузерлер жұмысын бұғаттап, ақша талап етуде. Полиция аталған фактілер бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Браузер жұмысын бұғаттайтын интернет-ресурстарға қолданушы бағытталады, дейді ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев. Алаяқ сайтқа ауысқан уақытта браузер бұғатталып, ҚР құқық қорғау органынының атынан хабарлама шығады. Ол жерде порнографиялық контентті қарап, таратқаны үшін бұғатталды деген себеп түсіндіріледі.Браузер жұмысын қайта жандандыру үшін 10-15 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуді талап етеді. Олай болмаған жағдайда, порнографиялық контентті көшіріп, сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады деген ескерту жасайды. «Мемлекеттік органдар азаматтардың телефондарын, компьютерлерін бұғаттамайды. ІІМ-нің бұған еш қатысы жоқ», – делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері бұл жағдайда төлем жүргізубеу керек дейді. Төлем жасалса, түбіртекті сақтап, полицияға арыз беруі тиіс.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024