Нидерландық үй жиһазын жасаушы IKEA ретейлері Миланда өтетін сән апталығына өз топтамаларын ұсынады. Бұл туралы Fasionmag сайтына сілтеме жасап, lenta.ru хабарлайды.
Британдық Кэти Ири (Katie Eary) мен шведтік Мартин Бергстрдің (Martin Bergström) дизайнерлігімен Giltig және Svärtan сызбалары жасап шығарылды. Олар 2016 жылы көрермен назарына ұсынылады.
Бұдан бұрын Канье Уэстпен жұмыс істеген К. Ири әртүрлі түстегі үйге арналған тауарлардың сызбасын жасады. Бергстр керісінше ақ-қара гаммаларды ұстанды. Оның топтамаларында төсек жаймалары, кілемдер, ыдыстар мен металдан жасалған бұйымдар бар.«Менің бар идеям Үндістанның жаңашылдығын және мәдени мұраларын түсіндіруге арналған», — деді ол.
Жалпы, Миланда сән апталығы 1979 жылдан бері өтіп келеді. 2016 жылы 23-28 қыркүйек аралығында өткізіледі. Мерекелік іс-шара кезінде дизайнерлердің жаңа топтамалары ұсынылып, танымал брендтерге арналған уақытша дүкен ашылады.
IKEA компаниясы 1943 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Stichting INGKA Foundation қорына тиесілі, штаб-пәтері Делфтте (Нидерланды) орналасқан. Ол сатылымға үйге арналған тауарлар мен жиһаздарды шығарады. Тауарларға арналған каталогтарын өз дүкендерінде уақытылы тегін таратады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024