Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдық мерейтойы аясында және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы шеңберінде ұлттық парк аумағында бірден бірнеше маңызды экологиялық бастама жүзеге асырылды. Қаскелең орманшылығында «Журналистер аллеясының» салтанатты ашылуы өтіп, сонымен қатар халықаралық «Парктер шеруі – 2026» табиғат қорғау акциясы ұйымдастырылды.
Ауқымды іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, экологтар, қоғам белсенділері, еріктілер, блогерлер, мектеп орманшылықтары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Табиғатты қорғау жолында бас қосқан қатысушылар ұлттық парк аумағында ағаш көшеттерін отырғызып, қоршаған ортаны сақтау ісіне өз үлестерін қосты.
«Журналистер аллеясы» – Іле Алатауы ұлттық паркінің 30 жылдығына арналған «30 жылдыққа – 30 іс-шара» мерейтойлық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан ерекше жобалардың бірі. Бастаманың мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау бағытындағы қоғамдық жауапкершілікті арттыру және бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты нығайту.
Салтанатты шара сап түзер шерумен басталып, қатысушылар табиғатқа арналған концерттік бағдарламалар мен шығармашылық қойылымдарын ұсынды. Ұлттық парк қызметкерлері табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық ағарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Биыл 30-шы рет ұйымдастырылған «Парктер шеруі» халықаралық табиғат қорғау акциясы бұрынғыдан да кең ауқымда өтті. Іле Алатауы ұлттық паркінің 30 жылдық мерейтойымен және «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасымен үндескен бұл шара табиғатқа жанашырлықтың, экологиялық мәдениеттің және ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісіне айналды.
Жыл басынан бері ұлттық парк аумағында өткізілген экологиялық іс-шаралардың нәтижесінде:
— 270-ке жуық экологиялық акция ұйымдастырылды;
— 90 мыңға жуық адам қатысты;
— 1000-ға жуық құс ұясы орнатылды;
— 21 тонна қоқыс жиналды;
— 14 146 он төрт мың бір жүз қырық алты
Шара барысында республикалық телеарналар мен бұқаралық ақпарат құралдары экологиялық бастамаларды кеңінен насихаттап, табиғатты қорғаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдерінің айтуынша алдағы уақытта да табиғатты қорғау, экологиялық ағарту және қоғаммен тиімді байланыс бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.





